ҰЛТТЫҚ МҰРА – ҰРПАҚ АМАНАТЫ

63
🔰 Дүниежүзілік сенбілік күніне орай «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жаңатас қаласындағы «Ұрпақтар аллеясында» «Ұлттық мұра – ұрпақ аманаты» атты тазалық шарасы  ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен этнос өкілдері белсенді қатысты.
🌿 Сенбілік барысында «Ұрпақтар аллеясында» тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, аумақты көркейтуге ерекше көңіл
бөлінді.
– Тазалық – ортақ жауапкершілік. «Ұрпақтар аллеясы» – аға буынның еңбегін ұлықтап, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсететін орын. Осындай тағылымды жерде тазалық жұмыстарын жүргізу – туған жерге деген құрметтің белгісі, – деді аудан әкімі.
🌱 Таза орта – ұрпаққа аманат!
Leave A Reply

Your email address will not be published.