«Музарт» тобы орындайтын осы әнді талай рет тыңдадық. Композитор туындысын Ғазиза Жұбановаға арнап жазған екен.

Шәмші Ахмет Жұбановты үлгі тұтқан, бірде оның қызы Ғазиза Мәскеудегі оқуын бітіріп, Алматыға оралады. Сұлу, әдемі ару Шәмшінің назарын аударады. Ғазиза пианино тартып, Шәмшіге өзі шығарған музыкалық этюдтерді орындап береді. Өнеріне бас иген Шәмші оған «Шынарым» деген әнін арнайды. Зейін қоя тыңдаған Ғазиза қатты қуаныпты.