Талас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «Talas Investment Company» ЖШС аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.


Іс-шара барысында шартты өртті сөндіру, қызметкерлерді қауіпсіз эвакуациялау, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану және төтенше жағдай кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі пысықталды.
Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттырып, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.