Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтарына толық сәйкестендірілді.
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Жаңа Конституция қағидаттарына сәйкестендірілді.
“Білім беру мазмұнына Конституция қағидаттары, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы және «Заң мен Тәртіп» қағидаты жүйелі түрде кіріктірілді.
Сонымен қатар білім алушылардың жасанды интеллект пен цифрлық ресурстарды тиімді, қауіпсіз және жауапты пайдалану құзыреттері күшейтілді. Конституция негіздерін, азаматтың құқықтары мен міндеттерін, мемлекеттік рәміздердің маңызын, мемлекеттік тілге құрметті және заң үстемдігі қағидаттарын түсінуге қойылатын талаптар күшейтілді”,- делінген хабарламада.
Жаңартылған стандартты сапалы іске асыру үшін республикалық және өңірлік деңгейде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Жаңартулардың барлығы білім сапасын арттыруға, оқушылардың заманауи құзыреттерін дамытуға және білім беру жүйесін Жаңа Конституция қағидаттарына сәйкес одан әрі жетілдіруге бағытталған.
ашық дереккөз