
Іс-шара барысында климаттың өзгеруі жағдайында Орталық Азияның су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, трансшекаралық су ресурстарын тиімді басқару, орман экожүйелерін сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ экологиялық тұрғыдан орнықты шешімдерді кеңінен енгізу мәселелері талқыланды.
Панельдік сессияда су ресурстарын бірлесіп басқару тетіктерін жетілдіруге, су үнемдеу технологияларын енгізуге және климаттың өзгеруіне төзімді су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – өңір елдерінің, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қауымдастық пен бизнестің күш-жігерін біріктіруге бағытталған «Орталық Азияның жасыл қалқаны» өңірлік бастамасын дамыту болды. Бұл бастама қорғаныс орман белдеулерінің жүйесін қалыптастыруды, тозған жерлерді қалпына келтіруді және Орталық Азияның экологиялық тұрақтылығын арттыруды көздейді.