Халық жаппай доллар сатып алып жатыр

72

Маусым айында Қазақстандағы айырбастау пункттерінде долларға деген таза сұраныс 1,9 есе өсіп, 126,5 миллиард теңгеге жетті. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мәлім етті.

Салыстырмалы түрде қарағанда, маусым қорытындысы бойынша қазақстандықтардың долларды таза сатып алу көлемі мамырмен салыстырғанда 94 пайызға, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6 пайызға артқан. Айта кету керек, валютаны таза сатып алу дегеніміз – айырбастау пункттерінде сатып алынған және сатылған валюта көлемінің айырмасы болып табылады.

Сонымен қатар маусымда қазақстандықтар ресейлік рубльді сатуды жалғастырғанымен, бұл үрдістің қарқыны алдыңғы екі аймен салыстырғанда бәсеңдей түсті. Маусымда рубльдің таза сатылымы 17,5 миллиард теңгені құрады.

Бұл көрсеткіш мамыр айымен салыстырғанда 42 пайызға, ал сәуір айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 57 пайызға азайған. Валюта нарығындағы мұндай динамика халықтың шетелдік валюталарға деген сұранысының маусымдық және экономикалық факторларға байланысты өзгеріп отыратынын көрсетеді.

Qaz365.kz.

depositphotos
Leave A Reply

Your email address will not be published.