Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты қабылданған «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 1 шілдедегі №329-VIII ҚРЗ Заңын түсіндіру мақсатында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде сотталғандар арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға мекеменің арнайы есеп бөлімі мен тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері қатысып, сотталғандарға Заңның негізгі нормалары мен оны қолдану тәртібін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар рақымшылық жасауға қатысты талаптар, оны қолдану шарттары, рақымшылыққа жататын және жатпайтын адамдардың санаттары, сондай-ақ әрбір істі қараудың заңмен белгіленген тәртібі туралы толыққанды ақпарат берілді.
Кездесу барысында сотталғандардың құқықтық сипаттағы сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты жауаптар беріліп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осындай ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары сотталғандардың заң талаптарын дұрыс түсінуіне, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстардың маңызды бөлігі болып табылады.