Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде суицидтің алдын алу және психикалық денсаулықты сақтау бағытында профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Ли Любовь Геннадьевна қатысып, мекемеде ұсталатын азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, психологиялық күйзелісті ерте анықтау, эмоционалдық тұрақтылықты сақтау, қиын өмірлік жағдайларда психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушыларға күйзеліс пен мазасыздықты жеңудің тиімді жолдары, психологиялық қолдау алу мүмкіндіктері және өзара көмек көрсету мәдениеті жөнінде ақпарат берілді.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ҚАЖ мекемелерінде психикалық мінез-құлықтық бұзылыстары бар адамдарды медициналық сүйемелдеуді жетілдіру, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарымен өзара іс-қимылды күшейту, суицидтің алдын алу және медициналық-әлеуметтік көмекті жандандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да денсаулық сақтау ұйымдарының психологтары мен психиатр-дәрігерлерін тарта отырып, сотталғандар арасында психологиялық ахуалды жақсартуға, олардың психикалық денсаулығын нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жалғастырады.