Ерназар ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өтті.

50

2026 жылғы 8 шілде күні Ерназар ауылдық округінде тұрғындармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайту, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында тұрғындарға сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алуда әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігінің маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Мұндай кездесулер қоғамда ашықтық, заң үстемдігі және адалдық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Аталған іс-шара Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.