МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ САҚТАЛУЫ ТИІС

69
Жақында Жамбыл облысы әкімінің Әдеп жөніндегі өкілі Айбек Тасеменов ауданымызға жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі аппаратының, аудан әкімдігінің салалық бөлімдерінің басшыларымен және мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.
Жиында Айбек Жаханбайұлы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуы, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің халық алдындағы жауапкершілігіне, мемлекеттік қызметтің беделін сақтауына, заң талаптарын қатаң орындауына және қызметтік әдеп қағидаттарын ұстану қажеттігін атап өтті.
Кездесуде сондай-ақ, Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің маңыздылығы талқыланды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің маңыздылығы айтылған жиында Айбек Тасеменов Сарысу ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіліне және тиісті бөлім басшыларына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, тәуекелдерді анықтау және оларды жою бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.