Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны жеңіп, әлем кубогінің чемпионы атанды

69

ҰОК
Бокстан Қытайдың Гуйяне қаласында өтіп жатқан әлем кубогында 50 келі салмақта Санжар Тәшкенбай топ жарды, деп хабарлайды turkystan.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Ақтық сында екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы, өзбекстандық боксшы Асилбек Жалиловпен жұдырықтасқан.

Өте тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер 3:2 есебімен Санжар Тәшкенбайды жеңімпаз деп таныған.

Финалдық бәсекеге дейін қазақ боксшысы 1/4 финалда қырғызстандық Анваржан Ходжиевті 5:0, 1/2 финалда испаниялық Мартин Молина Сальвадорды 5:0 есебімен жеңген.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/283346-sanzar-taskenbai-ozbekstandyq-bokssyny-zenip-alem-kuboginin-cempiony-atandy

Leave A Reply

Your email address will not be published.