Талас ауданында «Заң мен тәртіп» идеологемасын түсіндіру бойынша жиын өтті
Талас ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дәулет Төлендіұлының төрағалығымен аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің, Қаратау қаласы және ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлерінің қатысуымен «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жиын өтті.

Жиын барысында Д.Төлендіұлы сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» идеологемасының қоғамда заң үстемдігін нығайтудағы, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, қатысушыларға «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың негізгі бағыттары жан-жақты түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын қатаң сақтауы, құқық бұзушылықтың алдын алу және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелері талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттау және құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жүргізу тапсырылды.
Талас ауданы