Бірлік пен келісім – басты құндылық

55
Жамбыл облысы Шу ауданында Ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті.
«Қазіргі саяси реформалар аясындағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту: өңірлік тәжірибе және өзекті мәселелер» тақырыбында ұйымдастырылған жиында елдегі саяси жаңғыру үдерістері мен қоғамдағы тұрақтылық мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиынды облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Ербол Қаншымбеков жүргізді.
Күн тәртібінде қоғамдық келісімді сақтау, этносаралық татулықты нығайту және саяси реформалардың өңірлік деңгейде жүзеге асу барысы сөз болды.
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің сеньор-лекторы Режеп Баярисов қоғамдық тұрақтылықты сақтауда ғылыми қауымдастықтың рөліне тоқталып, елдегі реформалардың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, қоғамдағы бірлік пен өзара сенім – мемлекет дамуының негізгі тірегі.
Ал М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры Рысты Керимбаева қоғамдық келісім мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік психологияның орнына назар аударды. Спикер жастар тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен толеранттылық қағидаттарын нығайтудың өзектілігін айтты.
Жиын барысында қатысушылар өңірдегі этносаралық қатынастарды дамыту, азаматтық қоғам белсенділігін арттыру және қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың тиімді жолдары жөнінде пікір алмасты.
Кеңейтілген отырыс қорытындысында қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылығы екені ерекше айтылды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.