Мекемеде сенбілік шарасы өтті

115

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінің аттестатталған қызметкерлерімен еркін жалдамалы қызметкерлері жаппай сенбілік іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шараға мекеме қызметкерлерімен қатар, медициналық бөлімінің қызметкерлеріде белсенді қатысты.

Сенбілік барысында мекеме аумағының аймақтарын тазартып, қоқыстар жиналды, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар аумақтың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты.

Мұндай шаралардың мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру, еңбекке баулу және ұжымдық жауапкершілікті арттыру деп есептейді. Жаппай сенбілік нәтижесінде мекеме аумағы ретке келтіріліп, тазалық пен тәртіп қамтамасыз етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.