Жамбыл облысындағы су мәселесі: Ислам даму банкімен бірлескен жобалар нәтижесі қандай болмақ?

83
Өткен аптада Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында Ислам даму банкінің сумен жабдықтау және ирригация саласындағы жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Отырыста су инфрақұрылымын жаңғырту, су үнемдеу технологияларын енгізу және өңірлердің су қауіпсіздігін нығайту мәселелері қаралды.
Screenshot
Талқылауға Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Ислам даму банкінің, «Қазсушар» РМК-ның, жергілікті атқарушы органдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Screenshot
Кездесу барысында жобалық құжаттарды өзектендіру, инженерлік кадрлық әлеуетті күшейту және су саласын цифрландыру мәселелеріне де назар аударылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.