Психологиялық саулық мәселелері өңірлік конгресте талқыланды

102
Бүгін «Достық» үйінде «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты мен Жамбыл облысы әкімдігінің бірлесуімен «Психология NEXT: жасанды интеллект дәуіріндегі адам психикасы» атты өңірлік психологтар конгресі өтті.
▶️ Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, денсаулық сақтау және құқық қорғау саласының мамандары қатысты.
▶️ Конгресс аясында үш панельдік сессия мен пленарлық отырыс ұйымдастырылып, «Балалар мен жастар психологиясы: жаңа сын-қатерлер», «Отбасы психологиясы және қоғам тұрақтылығы», «Эмоционалды саулық – ұлттық даму алғышарты» тақырыптары бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
▶️ Сондай-ақ пленарлық отырыста психологиялық денсаулықтың қоғам тұрақтылығындағы рөлі, психологиялық қызметтің даму перспективалары, стресс-менеджмент, ұлттық психология, жастар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және әйелдердің эмоционалдық иммунитетін қалыптастыру мәселелері бойынша жетекші мамандардың баяндамалары тыңдалды.
▶️ Конгресс барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, қазіргі қоғамдағы психологиялық саулықты нығайтуға бағытталған бастамалар мен ұсыныстарды ортаға салды.
▶️ Аталған жиын психологиялық қызметтің тиімділігін арттыруға, сала мамандары арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейтуге және қоғамдағы өзекті мәселелердің шешу жолдарын айқындауға мүмкіндік берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.