Астаналықтар жаңа LRT-ны жаппай пайдаланып жатыр

77

Астанада 16 мамырда іске қосылған жеңіл рельсті көлік (LRT) тұрғындар мен қала қонақтары арасында үлкен сұранысқа ие болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, LRT іске қосылғалы бері екі апта ішінде жолаушылар саны 1 миллион адамға жеткен. Ал күн сайын жаңа көлік түрін 65-75 мың адам пайдаланады.

«Бұл көрсеткіштер қалалық рельсті көліктің тұрғындар мен қонақтар арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді. LRT жүйесіне сенім білдіріп, инфрақұрылымға ұқыпты қараған барлық жолаушыларға алғыс айтамын», – деді қала басшысы.

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек LRT-ның Қосшы бағытына қарай екінші кезеңін жүзеге асыру жұмыстары басталғанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл жоба елордадағы көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Астанадағы LRT желісі 16 мамыр күні ресми түрде іске қосылған болатын. Қазір ол қаладағы қоғамдық көліктің маңызды бөлігіне айналып келеді.

Politico.kz.

Фото: Politico.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.