Таласта қоғамдық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

100

Ауданымызда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Рейдке аудан әкімінің орынбасары Д.Төлендіұлы, аудан әкімдігі, білім бөлімі, мектеп әкімшіліктері, Жастар ресурстық орталығы және аудандық полиция бөлімі бірлесіп қатысты.

Рейд барысында аудан аумағындағы кафе, мейрамхана және ойын-сауық орындары тексеріліп, жасөспірімдердің кешкі уақыттағы жүріс-тұрысы бақылауға алынды. Қоғамдық орындарда заң талаптарының сақталуы назарға алынып, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Leave A Reply

Your email address will not be published.