Сарапшылар Индонезияның апатқа ұшыраған Lion Air әуе компаниясы ұшағының «қара жәшігінен» мәліметтерді алды. Бұл туралы Индонезияның Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Нуркаио Утомо мәлім етті.
Агенттік таратқан мәліметтерге қарағанда, борттағы оқиғаларды жазуға арналған құрылғы лайнердің әуеде болған 69 сағаттағы әрекеттерін жазып, сақтаған.
Ведомство өкілі қазіргі таңда сарапшылар алынған ақпараттарды зерттеп жатқандығын хабарлады.
Ал Индонезияның Төтенше жағдайлармен күрес агенттігінің басшысы Мухаммед Сьюаги Индонезия билігінің екінші «қара жәшік» пен әуе апатының құрбандарын іздеу жұмыстарын тағы үш күнге созғандығын хабарлады.
Айта кетейік, 29 қазанда Индонезияда Boeing 737 MAX 8 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 13 минуттан соң жерге құлаған. Джакарта-Панкал-Пинанг рейсі бойынша бағыт алған лайнерде 8 экипаж мүшесі мен 189 жолаушы болған.
Жолаушылардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
Осы оқиғаға орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.