Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында негізгі туристтік обьектілерге QR-кодтарды орнату жұмысын бастады.
Бұл жұмыс «TARAZ TOUR » мобильді қосымшасын іске қосу мақсатында жасалып жатыр. Енді шетел және өзге өңірден келген туристтер мобильді қосымшаны ақпараттық көмек құралы ретінде 5 тілде қолдана алатын болады.
Бұл бірегей қосымша Жамбыл облысының туристік нысандарын кеңінен таныстырып, бірнеше функционалдық қызмет түрін көрсетеді.
Қазіргі таңда QR-кодтарды орнату жұмыстары жүруде.