Арнайы курстан өтпеген басшылар лауазымға тағайындалмайды — Жолдау

672

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Назарбаев Университетімен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшінің кәсібилігін арттыратын бағдарлама әзірлейтін болады. Мұндай тапсырманы Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев берді.

«Ең бастысы — мемлекеттік аппараттың кәсібилігі. Ол жаңа уақыттың талабы бойынша өзгерістерге ұшырауы тиіс. Біріншіден, мемлекеттік органның тиімділігін түбегейлі арттыру қажет. Сапа — кез келген мемлекеттік қызметкердің өмірінің жаңа стиліне, қағидатына айналуы тиіс. Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғамның арасындағы қашықтықты қысқартуы тиіс. Яғни, адамдарға жақын болу керек. Бұл — әрдайым кері байланыс, қызу талқылау, адамдарға нақты қадамдар мен нәтижелерді түсіндіру. Мемлекеттік басқару академиясы Назарбаев Университетімен бірлесе отырып, «Жаңа формацияның жетекшісі» бағдарламасын әзірлеуі керек», — деді Президент.

Елбасының айтуынша, басшылық қызметке келгендер үшін аталған бағдарлама бойынша арнайы курстар өткізілетін болады.

«Бұл курстардан өтпей лауазымға тағайындамау керек», — деді Президент.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.