Облыс әкімдігінде құрылыс мәселелері қаралған кеңес өтті

477

Облыс әкімдігінде бюджет есебінен әзірленіп жатқан жобалық-сметалық құжаттар және 2019 жылдың бюджетіне қаржыландыру үшін ұсынылуы тиіс жобалар, ЖСҚ құнын ықшамдау бойынша кеңес өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасап, облыс бойынша барлығы 368 жобаның 147-не талдау жүргізілгенін жеткізді. Ал, 220 жобаның жобалық сметалық құжаттары әлі күнге әзірлену үстінде екен.
220 жобаның 123-і республикалық, 90-ы облыстық бюджетке тиесілі болса, қалғаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асуы қажет болатын. Бүгінгі таңда 44 жобаның ЖСҚ-ы дайындалуда десек, 59 -ның мемлекеттік сараптамадан қорытындысы алынбаған.
Асқар Исабекұлы ең алдымен бірінші кезектегі өзектілігі жоғары мәселелерді анықтап, жобаларды соған қарай талдау керектігін баса айтты. Бюджетті де қажеттілікке қарай ыңғайлаудың тиімділігін жеткізді. Күн тәртібіндегі мәселе алдағы уақытта әр басқарма және аудандар бойынша жекелей қаралатын болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.