Фабрика жұмысын көрді

282
Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің жаңа басшысы Қуат Ошақбай Көлқайнар ауылдық округі аумағында орналасқан «Аса DAMU» ЖШС-нің Құс фабрикасының жұмысымен танысты.
Фабрика толық қуатында жұмыс атқаруда. 2023 жылы 74,9 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілген.
Фабриканың қондырғылары Испания мемлекетінің «Зуками» компаниясынан алынған. Толық автоматтандырылған. Сонымен қатар фабрикада Голландия мемлекетінен «МОБА» автоматты жұмыртқа сұрыптау қондырғысы орнатылған. Күніне орта есеппен 200-220 мың жұмыртқа шығарылуда. Балапандар Кемерево қаласынан алынады.
Фабрикада 50 адам жұмыс атқаруда, орташа айлық 120,0 мың тенге көлемінде. Фабрика газ, электр энергиясымен және сумен қамтамасыз етілген. Өнімнің сапасы тиісті стандарттарға сәйкес сәйкестендірілген.

Жамбыл ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.