Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде футзалдан 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтуде.
Бүгін облыстық чемпионаттың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жарыстың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұдан кейін Сарысу ауданының Құрметті азаматы, Жаңатас қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Серік Ниязов сөз сөйлеп жылы лебізін білдірді.
Турнирге Тараз қаласы және барлық аудандардан 13 команда қатысып, бақ сынауда.
Сарысу ауданы әкімдігі