Біздің белсенділер Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Мамандар мен еріктілер «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының Манифесінің негізгі бағыттарымен танысып, қордың бастамаларына, біз ұстанатын, қолдайтын қағидаларға қолдау білдірді. Жастар прогрестің қозғаушы күші ретінде әділетті Қазақстанды құруда маңызды рөл атқарады. Мұндай кездесулер ұзақ мерзімді перспективаға бағдар беретіні сөзсіз.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы мәселелер мен МӘМС жүйесіне қатысты жүргізілетін әлеуметтік мониторингке қатысты.
Жангелді Жайлауұлы Омаров