Нанның ішінен телефон табылды

254

Таразда түзеу мекемесіне тыйым салынған зат кіргізбек болған азаматтың әрекеті әшкере болды. Оқиға 21 ақпан күні түскі 14:50-дің шамасында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне бағынысты №25 мекемесінде болған.

Белгілі болғандай, тыйым салынған затты №25 мекеме режим бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі, әділет аға лейтенанты М.Амирбеков, аға сержант Б.Тоқбай және №5513 әскери бөлімінің бақылаушысы, сержант Е.Муратов алдын ала жедел ақпарат бойынша бақылау-өткізу пунктінде мекемеде жазасын өтеп жатқан Д. есімді  азаматпен кездесуге келген А. есімді азаматтың  сәлемдемесін тексеру кезінде анықтаған. Нәтижесінде сотталғанға алып келген азық-түліктің арасындағы нанның ішінен 1 дана сенсорлы телефон  табылған. Осылайша мекеменің қырағы қызметкерлері тағы бір заңбұзушылықтың алдын алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.