ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРҒА АУДАНЫМЫЗДЫҢ ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

90
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРҒА АУДАНЫМЫЗДЫҢ ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Соңғы жылдары ауданымызға ат басын бұрған инвесторлардың қатары артып келеді. Шу ауданында кәсіп ашуға ниетті шетелдік компанияларға аудан әкімдігі тарапынан қажетті көмек те ұдайы берілуде. Бұл өз кезегінде кәсіпкердің жұмысын жүйеле ете түссе, екінші жағынан жергілікті тұрғындарға тұрақты жұмыс беруге жол ашады.
Күні кеше ғана өңірімізге қызығушылық танытып отырған италиялық инвесторлармен кездесіп, алдағы жоспарларымен таныстық. Ұлу өсіріп, оны бірнеше салада кәдеге жаратумен айналысатын серіктестік аталған кәсіпті ауданымызда өркендетуге ниетті. Серіктестің өкілдері Маццуокколо Ливио және Сампо Симон экзотикалық жәндікті формацевтика мен косметология саласында, тағам өндірісінде пайдаланып, одан бөлек экспортқа шығарумен де айналыспақ.
Елімізде қарқынды дамымаса да мұны алғашқылардың бірі болып өңірімізде кәсіп етіп, табыс табуды көздеген серіктестікті ауданымыздың әлеуетімен таныстырдық. Өйткені, бүгінде сұлулық әлемінде де, тағам өндірісінде де ұлуға сұраныс жоғары екенін байқауға болады. Оның үстіне ұлу фермасы бұрын-соңды біздің өңірде болмаған. Сондықтан да шетелдік инвесторларға бұл кәсіпті ауданымыздан ашуға барлық жағдай жасалатын болады.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.