Қимас дос

426
ТАҒЫ ДА ЖЕҢІС ДОС ЖАЙЛЫ.
Оңашада газеттің мойнымыздағы қарызын жұрттан бұрын бітіріп көңіл жайланып отыра қалған да Жеңіс марқұм «Памирдің» көк түтінін бұрқырата рахаттанып сыздықтатып шығарып бір әңгімені бастап кететін. Әуелі жетпісінші жылдары аудандық газаттен бірер әріп кәтесі үшін нахақ қуылып, әкесі Шыныбекке көмекші жылқышы болып тіркеліп , көктемде жаппа қыстау үйінің жадағай күнгей төбесіне қалың көрпешені төсеп алып, сол жылдары ойламаған жерден «Жалын» альманағына жарқ ете қалған «Кербала» поветісін қалай жазғанынын бастайтын.
Малды ауылға газет -журнал сирек келетін. Газеттен бұрың қосақтасып , курустастары
Баққожа Мұқаевпен, Шөмішбай Сариевтен «Авия» конветтіне тұмшаланған құттықтай хаты бұрын жетіп таңдандырғанын бір еске салып қоятын. Мен ол хаттарын бірнеше рет оқығанмен сөзін бөлмей тыңдайтынмын. Сырлас дос қашанда сөзін бөлгенді ұнатпайтынын білемін.Ондайда үндемей шиыршықтанып әңгіме ырғағынан айырылып қалатын. «Кербала» оқығанмын. Журнал оқырмандарының ынтықтығын артырып кеткен шығарма еді. Кейінгі жылдарі есімде жоқ бір жазушылар сол бір сөз қолдануы ірі осы жылқышының көрінбей кеткенін іздеп жатқанына да куәсі болғанмын.
…Бірде Алматының «Ақ қайың» демалыс үйінде демалып жатып «Қайраттың» ойынына бармақ болып 66 -автобуспен сығылысып стадионға келе жатқанымда бетпе -бет тұрған бойшаң, әдемі қара торы жігіт маған қайта- қайта қарай берді де, «сіз «СҚ»-да істейсіз бе?»- деп , кеудемдегі жіңішке «Социалистік Қазақстанның» сап- сары значогін иегімен нұсқады. Әуелі түсінбей,кештеу ұғып
-Жоқ онда істемеймін- дедім жұлып алғандай.
-Бәсе ол газеттен сізді көрген жоқ едім. Мына төс белгі қайдан жүр?
-Оны Сарысу ауданының хатшысының қауылысы арқылы газеттің аудандағы штаттан тыс етіп бергізген , мен Сарысудағы газеттенмін едім- деп , ағынан жарылдым. Жігіт жол көрген сөзшең болып шықты.
Стадионға да қысылып- қыстырылып жеттік. Ол Қызылордалық Серік Байхонов болатын. «Қазақ фильмі» журналында істейді екен.
Өмірі жеңілістен көзі ашылмайтын «Қайрат » біз кіріп жатқанда қақпасына доп жіберіп алып , жанкүйерлерінің тағы да сағын сындырып алды.
-Замандас енді ойын оңбайды . Жүр адам сирек болатын батыс жақтан орын алып жақсылап сөйлесейік- деп қолқа салды.Жаңа таныстың көңілін қимай өтінішін қайтармадым.
Отырған соң.
-Сол Сарысуда «Жеңіс Шыныбеков» -деген жазушының «Кербала» деген шығармасын «Жалыннан» оқығаным бар еді. Танисысыз ба ?-дегені ғой.
-Оны қайдан білесің? Бірге істейміз. Досым -дедім.
Ол:
-Танымаймын. Көрген жігітім емес. Оның «Кербаласын» оқығаннан кейін мен соның әсерімен «Жалғасым менің жалғасым»- деген әңгімемді жазған едім. Сенбесең ертең мына Пушкин атындағы кітапханға барып «Жалынның» сол санын тауып алып, қарап көр.Шығарманың бетіне «Ғажап,керемет ,Сұмдық»- деп жазып қолтаңбамымды қалдырып кеткенмін -деген.
Менен Жеңістің жұмыс телефонын алды. Адресін жазып беріп қоштасқан еді.
Кейін Серік пен Жеңіс сөйлесіп тұратын. Не айтқанын білмеймін.
Міне, досты осылай іздейтіндер көп болатын. Кейде Бақожаны «бұқа», Шөмішбайды «ожау»-деп қалжыңдап жүретін сөйлескеде. Олар жатақханада алғашқы курста бір бөлмеде жатқанын айтатын.
Бірде:
— Алматыға сол достарыңа барып шығармаларыңды шығартып алсайшы дегенмін.
— Е, беттесем де жете алмай қайтамын ғой сол сыра сасыған Алматыңа -деп, рахаттаны күлген … .
-Әй Жеңкем-ай, көңіліңе келмесін сені «құртқан» сол сыра ғой- деп, «жеңілдетіп» әзілдегенімде… .
-Дұрыс емес сыраны бекер кінәлайсың! Мені құртқан ол емес, Шыныбек шалдың ақшасы мен жылқысының «желігі»- ғой- деп, үнсіз қалғаны есімде. Сол «желікпеп» екінші курстан соң журфакты тастап кеткен-тін.
Кейін маған «Аждаһаның ажалы»және «Жынды»- деген көлемді әңгімелерін қолжазбасынан оқытып тәнті қалдырған.
Жуырда жиен інім жазушы Қали Сәрсенбай
бір сөйлекенде:
-Нағашы-еке Жеңкең кейде бой сергітіп қалғанда, Сізді көп айтып отырушы еді, марқұм -деп, қалды.
Жеңіс «Сарысудан көшпеймін деп қанша қиғылық салса да жолдасы Майра мен үлкен ұлы Сәрсен көнбей жүктерін түйіп Жеңкеңді жетектеп жөнеп берді. Ол келіспей Байқадамдағы үйінде жалғыз тұрып жатқанда Шығанақтан арнайы барып бір күн түнеп қайтқан едім. Кейін Қали інісі басқаратын «Алматы ақшамында» газетіне амалсыз барып істеген еді қимас дос.
Өткенде туған қарындасы Айсұлу Шыныбекова :
әлеуметтік желіде:
— Аға, ағам Сізді отыра қалғанда аузынан тастамайшы еді . Жылдығында айтқан адамымыз сізге хабар бермепті.Ұяттымыз- деп, кешірім өтініпті.
Кешірмегенде қайтеміз. «Өзі кеткеннің көзі кекен»- деген осы да қайран қасиетің күндей болған ЖЕҢКЕМ . Достық жүрек жылуымды суытпай бірге жүрген оншақты жылдың естелігін жаза беруден басқа менің қолымнан не келеді!
…Ақын Тиышбай Рахым соңғы келгенде ақын Әлсейт Әлменовтың босағасында Жеңіс үшейміз таң атқанша біре болған едік.Көп естеліктер айтылды… . Байқадамнан аттанарда біздерді кезек -кезек құшырлана құшақтап болып, Тиышекең: «Жігіттер бірге тумақ болғанымен бірге жүрмек жоқ» -деген қош тұрыңдар -деп, аттанып еді. Одан соң сол күнгідей отыра алмадық. Ол туған жері мен бізбен мәңі қоштасып кеткен екен ғой. Жылдарды аунатып үшеуі де мәңгілік тұрақтарына кетті…!
Жатқан жерлерің жайлы балсын қимас достар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.