ЕКІ ЕСКЕК

185
(Ғибратты әңгіме)
Бір жағалаудан екінші жағалауға қайыққа адамарды міңгізген қайықшы ескектерін есіп келе жатты. Жолаушылардың ішінен бір жас жігіт қайықшының екі ескегінің бірінде «Ойлан!», ал екіншісінде: «Жаса!» деп жазулы тұрғанын көріп қайықшыдан:
-Қызық екен. Неліктен сіз ескектеріңізге осылайша жаздыңыз? ,-деп сұрады.
Қайықшы күлімсіреп:
«Жарайды, бері қарап тұр!» — деді де, тек «Ойлан!» деген жазуы бар қалақшасымен есе бастағанда қайық ілгері баспай, бір жағына қисайып, орында ғана айналла бастады.
Қайықшы:
— Мен көп уақытымды ойлануға, өмірлік жоспар құруға, өмірді зерттеуге арнадым. Бірақ еш нәтиже шықпады, осы қайық сияқты бір орнында айнала берді, -деп «Ойлан!» жазуы бар қалақшаны тастап, «Жаса!» деген жазуы бар ескекпен есіп еді, қайық тағы да алға баспай, келесі жағына қарай қисайып өз орнында айнала бастады.
Осы кезде қайықшы: «Сосын мен ештеңе ойламаймын деп шешіп, кез-келген жұмысты жоспар-жобасыз істей бастадым. Өте көп күш пен уақытым зая кетті. Мен де осы қайықтай айналсоқтап, бір орында тыпырлап тұрғанымды түсіндім. Сондықтан мен бұл әрекеттердің нәтижесін ұмытпас үшін, және оқыған адамдар түсінсін деп екі ескекке осы екі сөзді ойып жаздым. Сонымен екі қалақ кезектесіп, «Ойлан!» ескек суға түсіп көтерілгенде «Жаса!» қалақша суға қайта итеріп, осы екі әрекет әрқашан бірге болып, мені қалаған жағыма жеткізетінін есіме салып отыратын болды. Өмірге мақсат қойған адам да дәл осылай болады, ал адамдар бұл жазбаны көп байқай бермейді, сенің байқағаныңа рахмет!», депті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.