ШҚО құтқарушылары боранда жолда қалып қойған жолаушыларға көмектесті, деп жазады turkystan.kz.
17 ақпан түнде Марқакөл ауданында адамдар жеңіл автокөлікпен жолға шығып, Қарашілік ауылының маңында қалың қарға тұрып қалған.
ШҚО ТЖД № 31 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп, арнайы техникамен 11 адам, оның ішінде 7 баланы эвакуациялап, елді мекенге дейін алып келді.
Жергілікті атқарушы органдар жолды қардан тазалады.
https://turkystan.kz/article/239981-mar-ak-lde-boranda-zhol-a-shy-an-11-adam-ar-rsauynda-aldy