Алматыда тұрғын 11 жыл бойы алып келген зейнетақысын мемлекетке қайтарады

139

Сот деректеріне сүйенсек 2010 жылдың 1 тамызында Алматы қаласының тұрғынына зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған.

Белгілі болғандай, сол жылдың 10 ақпанында әйел Шешенстан республикасының Ахматов ауданынан да зейнетақы ала бастаған. Осылайша ол екі елдің де төлемін қатар алып жүрген. Бұл Қазақстан заңнамасын бұзу болып табылады.



Сот отырысында зейнеткер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзіне қойған талабын мойындады. Сот шешімі бойынша ол енді бюджетке 12 318 134 теңге – 2010 жылдың тамызынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін заңсыз алған зейнетақысының сомасын өтеуі керек. Сондай-ақ бұл сомаға 123 182 теңге мемлекеттік баж салығы да қосылады.

https://stan.kz/almatida-tyrgin-11-zhil-boyi-alip-kelgen-zeynetakisin-m-395603/

Leave A Reply

Your email address will not be published.