ДҰРЫС ТАҢДАЛҒАН МАМАНДЫҚ – ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

76

Бүгінгі таңда экономика саласында жаңалықтар көптеп енуде. Осыдан бірер жыл бұрын Интернет желісі арқылы үйден отырып түрлі мемлекеттік қызметтерге тапсырыс беру, кәсіпорынның есептерін тапсыру, немесе затқа тапсырыс беру – мүмкін емес болып көрінсе, бүгін ол – кәдімгі тұрғылықты жағдайға айналды. Ол үшін компьютерді, желімен жұмыс жасауды, есеп-қисап негіздерін білу жеткілікті. Дегенмен, кәсіби тұрғыда білімі мен біліктілігі жоғары маман иесі нарықтық қатынас заманында қашанда сұранысқа ие болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «… еліміздің жаңа экономикалық бағдарының бір қағидаты – адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту» және «жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алатындығы» жайлы айтылған болатын. Мемлекет басшысының нақты тапсырмалары аясында өз қызметін еңбек нарығында ұсына алатын, талап етілген заманауи сұранысқа ие бола алатын білікті мамандарды қалыптастыру жолында жоғары оқу орындарының алатын орны ерекше.

Сондықтан осы бағытта жүргізіліп отырған жұмыстардың барлығы бір мақсатқа бағытталған, яғни ол алыс және жақын шет елдердің жоғары оқу орындарымен тығыз әріптестік байланыс орнату арқылы креативті ойлай білетін жаңа буын мамандарын даярлау болсын, елдің белді университеттерінің тәжірибесін қолдану арқылы болсын өзінің көздеген мақсат міндеттеріне жету бағытында облыстағы өзіндік орны бар бірден-бір жоғары оқу орны өзінің жаңа статусын, яғни халықаралық (Халықаралық Тараз инновациялық институты) статусын белгіледі.

Атаулы Халықаралық Тараз инновациялық институтында экономика саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін «Экономика және бизнес» факультеті өз үлесін қосуда. Онда «Экономика», «Менеджмент: Адам ресурстарын басқару», «Мемлекеттік және жергілікті басқару»,  «Қаржы», «Есеп және аудит» білім беру бағдарламалары бойынша бакалавр және магистратура деңгейлері бойынша студенттер мен магистранттар даярланады. Бұл білім беру бағдарламаларын бітірген түлектер келешекте орталық және жерлгілікті жерлердегі мемлекеттік мекемелерде, түрлі деңгейлі банктерде, кәсіпорындарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және т.б. орындарда жұмыс жасай алады.

Аталған бағыттар бойынша білімді сапалы профессор оқытушылық құрам дәріс береді, атап айтсақ: факультет құрамында 1 экономика ғылымдарының докторы, профессор, 3 PhD докторы, 13 экономика ғылымдарының кандидаттары және 12 ғылым магистрлері сапалы білім береді. Сонымен қатар, оқу үрдісі барысында өндіріс орындарынан білікті мамандар шақыртылып, студенттерге дәріс оқу, өз тәжірибелерімен бөлісу дәстүрге айналған.

Студенттердің ғылыми дағдыларын дамыту мақсатында кафедраларда «Жас бизнесмен», «Қаржыгер» және т.б. ғылыми үйірмелер қызмет көрсетеді. Жыл сайын студенттер республика деңгейінде өтетін түрлі пәндік олимпиадалар мен конкурстарға қатысып, білімдерін шыңдайды. Оқу барысында үздік деп танылған студенттер өз білімдерін магистратурада жалғастыруда.

Біздің студенттер облыс, республика деңгейіндегі түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленуде.

Факультет бүгінде түрлі салаларда қызмет етіп жүрген табысты түлектерін мақтан етеді. Атап айтар болсақ, «НұрИнвестХолдинг» ЖШС директоры – Сламбеков Нұрсұлтан, «Время. Качество» бағалау компаниясының бағалаушысы – Сұлтан Төлеген, «Еуразия банкінің» несие беру кеңесшісі – Кенжебеков Нұркен, «ForteBank» бас несие беру менеджері – Ускенбаева Гульвира және т.с.с. Кафедра түлектермен үнемі байланыста, олардың қызметтегі жетістіктеріне ортақ.

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты – бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда бағыт-бағдарын айқындаған, өзіне сенімді, түлектеріне табысты болашақты қамтамасыз ете алатын заманауи білім ордасы бола алатын жоғары оқу орындарының ішінен табылады деген сенім мол!

 

 

Қарлығаш Тастанбекова

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

«Экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.