ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ

168
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, барлық дейгейдегі әкімдердің 2024 жылға арналған халықпен тұрақты кездесулерінің күнтізбесі бекітілген.
Аталмыш кестеге сәйкес, бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов Қамқалы ауылдық округінде тұрғындармен кездесті.
Кездесу жиынның негізгі мақсаты тұрғындардың ой-пікірлерін тыңдап, түйткілді мәселелердің шешу жолдарын қарастыру, атқарған жұмыстарды баяндау және болашаққа бағдар құру.
Жайлаукөл ауылында өткен есепті
кездесуде Сәкен Үмбетұлы 2023 жылы ауданда атқарылған жұмыстарды баяндап, биылғы жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
2023 жылы ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан. Бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асқан. Соның ішінде өткен жылы 245,1 млн. теңгеге Жайлаукөл ауылында 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, 16,5 млн. теңгеге Жайлаукөл ауылдық клуб үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
2024 жылдың наурыз-сәуір айларында «Ауыл аманаты» жобасы Қамқалы ауылдық округінде де жүзеге асырылады деп күтілуде. Жоба іске асса тұрғындар табысының артуына, өндіріс пен салық көлемінің ұлғаюына оң әсерін тигізетін болады.
Сондай-ақ, биылғы жылы Жайлаукөл ауылындағы шағын футбол алаңын ағымдағы жөндеуден өткізу, ауылдық
округтегі үш ауылға бейне бақылау камераларын орнату, ауылдық округте биотермиялық шұңқыр құрылысын жүргізу, әр елді мекенде бір көшеден орта жөндеу жұмыстарын жүргізу, Жайлаукөл ауылындағы Ықылас Дүкенұлы ескерткішін ағымдағы жөндеу, Шығанақ ауылдық клуб үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр.
Ауылдық округтегі 12 көшенің 7-уі жарықтандырылған. Қалған 5 көшені жарықтандыруға өтінім беру ауылдық округ әкіміне тапсырды.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан интернет, Тоғызкент-Шығанақ, Шығанақ-Қамқалы бағытындағы жол мәселелері көтерілді.
Аудан әкімі бұл мәселелерге байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Атап айтқанда, Жайлаукөл-Ұланбел аралығында 29 шақырым жол пайдалануға берілген. Оның ішінде, 24 шақырымы 2023 жылы жасалынды, қалған 5 шақырымы осы жылы аяқталады. Сонымен қатар, биыл Қамқалы округінің төлқұжатынан бастап Шағалалы ауылының бұрылысына және Қамқалыға баратын жолдың ойылған жерлерін, ескі асфальттарын турап, грейдермен (катоктармен) тегістеледі.
Жалдың ішіндегі жолдың толық ойылып кеткен жерлеріне қосымша материал төге отырып, гредейрмен тегістеліп берілетін болады. Тоғызкент округінен бастап Жалға дейінгі аралықтағы жолға ағымдағы (ямочный) жөндеу жұмыстары қаралып отыр.
Ал, елді мекендерді сапалы мобильді байланыс және интернетпен қамтамасыз ету мақсатында, аталған елді мекендерде биіктігі 30 метрлік антенна-діңгек құрылысы соғылды. Техникалық құрылыстар жүргізілді.
Бүгінгі таңда, облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы тарапынан «Кселл» АҚ-на координаталары бойынша зерделеу жұмыстары жүргізу керектігі туралы хат жолданған, жауабы күтілуде.
Қамқалы ауылдық округіндегі 18 мекеме 20 м/биттік деңгейі бар интернет таратушы байланыс мекемесімен келісім-шартқа отыратын болады.
Кездесу жиында осы округтен сайланған аудандық мәслихат депутаты Талғат Наханов сөз сөйлеп, ауылдық округтегі барлық мәселелердің тиісті орындарға жеткізіліп отырғандығын, облыстық деңгейде шешілетін кейбір өзекті мәселелер аудан әкімімен бірлесе атқарылып жатқандығын айтты.
Ауылдық округ тұрғындары ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.