ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

208
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды елді мекендерді интернетпен қамту жұмысын күшейтуді тапсырған болатын. Жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдеріне міндеттер жүктелген.
Қазығұрт ауданында ауылдарды сапалы интернетпен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін аудан әкімдігі мен «Comdata» ЖШС-нің келісіміне сәйкес аудан орталығындағы 1500-ден астам абонентті талшықты-оптикалық сапалы интернетпен қамту және тұрғындар игілігіне табыстау шарасы өтті.
Аталған компания арқылы тұрғындардың үйіне ғаламтор желісі кіргізілді. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов бұл шараға арнайы қатысып, осы интернет желісінің алғашқы абонентінің үйіне барып, ғаламтордың жылдамдығын көзбен көріп, тұрғындардың қуаныштарымен бөлісті. Атаулы серіктестік алдағы уақытта 5000-нан астам абонентті сапалы талшықты-оптикалық интернет желілерімен қамтамасыз етуге ниетті. Сондай-ақ, Рабат, Қызылқия ауыл округтеріне тарту жоспарланған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.