Басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды

128

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 қарашадағы №273-VI ҚРЗ Заңымен саяси қызметшілерді отставкаға жіберу және қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды адамдардың жауапкершіліктерін қарау мәселелері бекітілген.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сот үкімінің заңды күшіне енуі,  немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылуы, жоғары тұрған лауазымды тұлғаның тәртіптік жазаға тартуға негіз болып табылады.  

Осы орайда, аталған заңнама талаптарын мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментмен осы мәселеге қатысты тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

Мәселен, мониторинг нәтижелері көрсеткендей, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 28 басшы лауазымдағы қызметкер бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 18 – құқық қорғау органдарының, 8 – орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, 2 – жергілікті атқарушы органдарының басшылары.

Қолданылған тәртіптік жазалардың түрлері бойынша: «атқаратын лауазымынан босату»2, «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» — 6, «қатаң сөгіс» — 9, «сөгіс» — 8, «ескерту» — 3.

Аталған бағыттағы мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, заңнама талаптарын орындау бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Жамбыл облысы бойынша департаменті

 

       

Leave A Reply

Your email address will not be published.