Дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

111

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тұрақты қолдауының арқасында елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында қыруар жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде жыл өткен сайын өңір-өңірлерде заманауи спорт нысандары ел игілігіне берілуде.

Мәселен, жуырда «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында Т.Рысқұлов ауданындағы Ақыртөбе елді мекенінде жобалық құны 293 млн. теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Спорт ғимаратының салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, осынау бағдарлама шеңберінде 2027 жылға дейін тағы 8 спорт кешені бой көтеретінін атап өтті. Жалпы, бұл нысан ауданда соңғы бір жылда пайдалануға берілген екінші әлеуметтік ғимарат.

Ауданда өткен жылы жасөспірімдер арасындағы спорттық жарыстарда аудан жастары 32 рет үздік деп танылса, 28 саңлақ «Спортшы шебері» атағына қол жеткізген.

Айта кетейік, Жамбыл облысында өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 9 спорт нысанының құрылысы жүріп, пайдалануға берілді. Ал, ағымдағы жылы өңірде 13 спорт нысаны пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.