Ономастика жөніндегі жұмысшы топ отырысы өтті

126
Бүгін аудан әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы топтың отырысы өтті.
Жұмысшы топ отырысына аудан әкімдігі жанындағы жұмысшы топ мүшелері және қала және ауылдық округ әкімдері мен тиісті жауапты мамандары қатысты.
Жұмысшы топтың күн тәртібінде ауданның ономастикалық ахуалы және 2024 жылғы жұмыс жоспарын бекіту туралы және ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген ономастикалық жұмыстарды жүргізуге арналған нормативтік құқықтық актілер және ономастика мәселелері туралы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Жақсыпейілова, осы бөлімнің бас маманы М. Кәдірбекова хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Ономастика мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, көтерілген мәселелерге тиісті жауаптар алынды.
Сондай-ақ, 2024 жылға арналған ономастика жөніндегі жұмысшы топ жоспары бекітілді, қала және ауылдық округ әкімдеріне жаңа үлгідегі көше аншлагтарын QR-кодтармен орнату бойынша индикатор жобасы таныстырылды.
Ономастика жөніндегі жұмысшы топ отырысында берілген тапсырмалар мен шешім нәтижесі хаттамаға енгізілді.

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.