Ақтөбеде қызылша жұқтырған 5 бала жансақтау бөлімінде жатыр

75

Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. Олардың бәрі вакцина салдырмаған.

Ақтөбе облысы бойынша, қызылша ауруына шалдыққан адамдарды емдеу үшін 327 кереует дайындалды. Оның 200-ден астамы балаларға арналды. Ал Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының оңалту бөлімінде 215 кереует ашылды. Аудандарда 101 кереует әзірленді. Қазіргі кезде облыста 145 адам ауруханада жатып, ем қабылдап жатыр.

— Қазір қызылша жұқтырған бес бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олар 5 айлық, 6 айлық, 10 айлық, 2 жас 7 айлық және 1 жас 4 айлық балалар. Бәрі вакцина салдырмаған. Барлық баланың жағдайы ауыр. Тыныс алу жолдары зақымданған. Ем-домның арқасында беті бері қарап келеді, — деді Басқармасы басшысы Рүстем Исаев.

Жаппай иммундау шарасы аясында 30 мыңнан астам бала вакцина салдырды. Бұл екпе қабылдауы тиіс балалар санының 60 % құрайды.

— Облыстық денсаулық сақтау басқармасы стационарлық ем алып жатқан ауруханаға инфекционист, реаниматолог, жалпы тәжірибелі дәрігер жіберілді. Мониторинг топ күнде емханаларға барып, түсіндіріп жүр. Ахуалдық орталық та құрылды,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Түлкібаева.

Айта кетейік, қазір өңірде қызылшаға қарсы 50 мың доза вакцина бар.

 

https://turkystan.kz/article/238944-a-t-bede-yzylsha-zh-tyr-an-5-bala-zhansa-tau-b-liminde-zhatyr

Leave A Reply

Your email address will not be published.