Қостанай облысында құны 35 миллион теңге болатын вейп тәркіленді

139

«2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ресейден Қостанай қаласына Қазақстан аумағында айналымға тыйым салынған тиісті таңбалаусыз және салық төлеусіз құрамында никотин бар вейптерді, темекі қоспаларын және темекі шегетін электрондық құрылғыларды әкелген шетел азаматтары А.Б. Рябчиков пен Г. В. Лейкиннің қылмыстық іс-әрекетін ҚМА Қостанай облысы бойынша Департаменті әшкерледі», – делінген хабарламада.

Аталған тұлғалар темекі құрылғыларын акциздік және қосылған құн салығын төлемей, халық тұтынатын тауарлар түрінде Қазақстанға кіргізген.

«Заңсыз әкелінген акцизделетін өнім облыс аумағында және еліміздің көршілес облыстарында сатылған. 35,2 млн теңге сомасына вейптердің ірі партиясын әкеліп, өткізу кезінде, аталған тұлғаларды ҚМА Қостанайлық Департамент қызметкерлері тұтқындады. Сот үкімімен А. Б. Рябчиков пен Г.В. Лейкин айыпталған әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, айыппұл төлеу түріндегі жазаға кесілді», – делінген хабарламада.

ҚМА ел аумағында темекі бұйымдары мен құрамында никотин бар сұйықтықтарды сатуға тиісті салықтар төленген және осы тауар үшін міндетті таңбалау болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертеді.

 

https://turkystan.kz/article/238774-ostanay-oblysynda-ny-35-million-te-ge-bolatyn-veyp-t-rkilendi

Leave A Reply

Your email address will not be published.