Құрмет

72
Ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, қаламыздың көркеюіне өз үлесін қосып, мемлекеттік қызметте әбден шыңдалған әріптес-ағамыз Садан Құрманұлы бүгін 60 жастың асқарына шығып отыр. Осыған орай, мерейжас иесінің шаңырағына арнайы барып, жаңа жасымен құттықтадық. Қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, құрмет көрсеттік.
Садан Құрманұлы ұзақ жылдар бойы еліміздің құқық қорғау саласында жемісті еңбек етсе, кейіннен мемлекеттік қызметтің де түрлі сатысынан сүрінбей өткен. Оның ішінде Шу қаласының әкімі, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы сынды қызметтерді де абыроймен атқара білді. Сондай-ақ, өзінің өнегелі өмірінде түрлі деңгейдегі марапаттарға қол жеткізіп, медальдармен марапатталған.
Бүгінде асыл жарымен бірге өсірген әулеттің алып бәйтерегіне айналып отырған ағамызды мерейжасымен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен бақ-береке тілейміз!
Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.