Мерекелік шара

301
Аудан әкімі интернат тәрбиеленушілерінің жаңа жылдың шарасына қатысты
Бүгін Жаңатас қаласындағы Абай орта мектебінде мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілеріне арналған жаңа жылдың мерекелік шара өтті.
Мерекелік шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов арнайы қатысып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
— Еліміздің жарқын болашағы өздеріңсіздер. Сондықтан, оқуда озат болып, зерек те білімді, тәрбиелі азамат болып өсіңіздер. Бүгінде жасалынып жатқан істердің барлығы сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін. Келе жатқан Жаңа жылда арман-ойларыңыз бен тілектеріңіз орындала берсін — деп, мерекелік лебізін білдірген аудан басшысы, балалармен бірге жаңа жылдық шыршаның жарығын жақты.
Балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтарды тарту етті.
Балалар үшін қызықты әрі есте қаларлықтай жаңа жылдық кеште ән айтылып, би биленді. Ертегі кейіпкерлері қойылымдар көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.