«ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – БАСТЫ МІНДЕТ» АТТЫ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

133
Талас ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «құқықтық сауаттылық – басты міндет» атты
оқу әдістемелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты – Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы яғни мемлекеттік қызмет өткеру барысында заң талаптарын сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Жиында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы Өксікбай Ақниет, кеңсе бөлімшесінің басшысы Калыкулова Гулмира, персоналды басқару бөлімшесінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Онгарова Айман жоғарыда аталған мәселелерге кеңінен тоқталып, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оқу әдістемелік семинарға бөлім, қалалық және ауылдық округ әкімдіктерінің жауапты мамандары қатысты.

 

Талас ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.