ТОҒЫЗКЕНТТЕ ЖАҢА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН АШЫЛДЫ

136
Кәсіпкерлік ел экономикасының негізгі қозғаушы күші. Мемлекет тарапынан қабылданған түрлі бағдарламалар мен мемлекеттік қолдаудың арқасында ауданымызда шағын және орта бизнес қарқынды дамып келе жатыр.
Бүгін Тоғызкент ауылында «Шыңғысхан» көлік жуу орталығы салтанатты жағдайда ашылды.
Осы ауылдың тұрғыны, жеке кәсіпкер Жұманәлі Көкішов 9 млн. тенгеге жаңа көлік жуу орталығын салып, ел игілігіне берді.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен және жаңа кәсіпкерлік нысанның ашылуымен құттықтады. Аудан экономикасының дамуында шағын және орта бизнестің алар орынының маңыздылығын айтып, жаңа кәсіпкерлік нысанның ел игілігіне қызмет етуіне тілектестігін білдірді.
Бұдан кейін сөз сөйлеген ауыл қариясы Берік Абдималиков, Досбол ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Пернебек Алтынбеков, жеке кәсіпкер Сейдмұхаммед Абдималиков ауыл тұрғындарын игілікті шарамен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Жаңа көлік жуу орталығының лентасы салтанатты жағдайда кесілді.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.