Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімшесінің инспекторы әділет aғa лейтенанты М.Н Мыркалиеваның ұйымдастыруымен шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар арасында жоспарға сәйкес «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, мәдени іс шарасы өткізілді. ҚР ІІМ 20.08.2019 жылғы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу кағидасын бекіту туралы» №720-бұйрағына сәйкес тәрбие жұмысын жүзеге асыру мақсатында, сотталғандардың адамгершілік тәрбиесін, моральдық-этикалық түсініктерін, салауатты өмір салттарын арттыру болып табылады. Осыған сәйкес аталған іс-шара қаралы күн болып табылғандықтан сотталғандардың сап көрінісі мен ҚР Әнұранын орындап 1986 жылы 16 желтоқсанындағы Алматы қаласында орын алған оқиғасы жөніндегі қысқаша тарихи мағлұматтан кейін сотталғандар дайындаған қойылым өткізілді және сотталғандар өз өнерлерін патриоттық
көрініс арқылы көрсетті. Аталған іс-шара сотталғандарға оң әсер тигізгені анық болды.»Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мейрамына байланысты мәдени іс-шарасы өз деңгейінде өткізілді. Аталған іс-шараға белсенді қатысқан сотталғандар (Султанов Қ, Хаджидурсуноглы Х, Сауруков А.) мекеме бастығының құқығымен «Алғыс» жарияланып марапатталды.
Меруерт Мыркалиева
АКАТЖжӘПБ инспекторы,
әділет аға лейтенанты