Жамбылда білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытуға көшіріледі

83

Ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсандағы қолайсыз ауа райы метеожағдайларына байланысты ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 бұйрығы, 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығы және «Қазгидромет»-тің 11 желтоқсандағы №155 ТЛГ ескертпесіне сәйкес, облыстағы орта білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытуға көшіріледі.

Атап айтқанда, өңірде ауа температурасы-25-35 градус өте қатты аязға дейін күрт төмендеуіне байланысты 13 желтоқсанда Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов,
Талас аудандары мектепалды даярлық және 1-11 сынып оқушыларын, Шу ауданы мектепалды даярлық және 1-8 сынып оқушыларын қашықтықтан оқуға жіберді.

Ал, Сарысу және Қордай аудандары бойынша қашықтықтан оқуға жіберу туралы бұйрықтар жергілікті жерде 13.12.2023 жылы сағат 06:45 дейін қабылданады.

Сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмасымен барлық білім беру мекемелерінің жылу желілерінің қалыпты жұмыс істеуін бақылауда ұстау мақсатында тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.