Бүгін Шу аудандық орталық ауруханасында «Қамқорлық» қорының қолдауымен балаларды оңалту орталығы ашылды.
Салтанатты шараға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, «Қамқорлық» қорының директоры Арайлым Еркінова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова және ардагерлер қатысып, орталықтың жұмысына табыс тіледі.
Бұл орталық қажетті құрылғылармен және 48 төсек қорымен қамтамасыз етілген. Оның 30 төсегі күндізгі, 18-і тәуліктік.