Сәуле Мешітбайқызы қоғамдық өмірге белсене араласып, ауқымды да өзекті мәселелерді көтеріп келеді. Еліміз үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін тағы басқа да ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі жас ұрпақтың тәрбиесіне алаңдайды.
Тіл, дін, тарих, ауыл басқа да алуан тақырыптарда мақалалар жазып, көпшіліктің назарын аударады.
Еланасы қазіргі таңда бұқара халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған.
Бүгін Сәуле Мешітбайқызы «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» экспедициясы аясында ауданымызға келді.
Экспедицияның негізгі мақсаты – тұрғындарымен кездесу, өңірдегі өзекті мәселелерді анықтап оны тиісті орындарға жеткізу.
Саудакент ауылындағы Б.Адамбаев тірек мектебінде Сәуле Мешітбайқызы сарысулықтармен кездесу жиынын өткізді.
Кездесу жиынға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов, ауыл тұрғындары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, мектеп басшылары, ұстаздар және жастар қатысты.
Өз сөзінде Сәуле Мешітбайқызы қазақ өркениеті, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіл және өзге де ұлттық, отбасылық құндылықтар, жас ұрпақ тәрбиесі туралы кеңінен айтты.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтарға қарсы тұрып өзге, өзге де жат қылықтардан аулақ болу керектігіне тоқталды.
Жиынға қатысушылар Сәуле Мешітбайқызына тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтты.
Бұдан кейін сөз сөйлеген кісілер ұлттық рухани қасиеттерді қалыптастыру, отбасы тәрбиесі жөнінде айта келіп, ел өмірі үшін маңызды мәселелерге ат салысып келе жатқан Сәуле Мешітбайқызына ризашылықтарын жеткізді.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов ауданымызға арнайы келген қоғам қайраткері, Еланасы Сәуле Мешітбайқызына әсерлі әңгімелері үшін аудан тұрғындарының атынан алғыс білдіріп, жиынды қорытындылады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі