Жаңа мектеп құрылысының бой көтеруіне атсалысуда

90

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің басшылығы сотталған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Мәселен, бүгінгі таңда мұндағы 65 жазасын өтеуші «Компания Самұрық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ақылы жұмысқа орналасқан.

Осылайша, сотты болғандар құрылыс және дәнекерлеу жұмыстарымен қатар, техникалық жөндеу орталығында автокөліктерді жөндеуге күш салуда. Айта кетейік, дәл қазір Тарз қаласының маңындағы Шөлдала елді мекенінде білім ошағының құрылысы жүргізілуде. №26 түзеу мекемесінде жазасын өтейтін бірқатар азаматтар да осында еңбек етіп келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.