Жамбылдық балақайлар Астананы тамашалап қайтады

543

Бүгін еліміздің бас қаласы Астанаға мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары экскурсияға шығарып салу рәсімі өтті. Экскурсия барысында Елорданың түрлі мәдениет орталықтарын көру мақсатында Байтерекке, Думан сауықтыру орталығына, ЭКСПО-ның ең ғажайып көрмесі Нұр-Әлем павильонына және көненің көзіндей қастер тұтылған Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне бару жоспарланып отыр. Сонымен қатар әсер үстіне әсер қалдыру мақсатында Есіл өзенінің бойында кемемен саяхаттау көзделіп отыр. 

Аталмыш шара Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшілігімен «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Туған жер – туған ел» базалық бағыты бойынша «Туған өлке» жобасы аясында қолға алынған.
Жоба мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және қоғамға әлеуметтендіру, олардың өмір сүру сапасын жақсарту және өмірге, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақстандық мәдениетті таныту, жергілікті туризмді дамыту және тарихи сананы дамытуға бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.