Спорт — бұл жанның айнымас серігі. Жанға қуат, көңілге сергектік сыйлайтын денені шынықтыру адамды төзімділік пен қатар сенімділікке жетелейді. «Шынықсаң шымыр боласың» дегендей салауатты өмір салтын қалыптастыру болашаққа деген қадамның үлгісі болары анық.
Елімізде спорт саласы қанатын кеңге жайып, дамып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға тапсырма берген болатын. Ол туралы да 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды ұсынып, спорттың маңыздылығын айтты. «Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Қаржы тапшылығы жағдайында кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен ұстаудың мағынасы жоқ. Мемлекет пен квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімді жұмсалмайды. Бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және әрине, балаларға басымдық беру керек», – деді. Түрлі қолдаулар мен мәнді мақсаттың арқасында аталмыш салаға ден қойылып, нақты бағдарламалар үйлестіріліп келеді.
Бүгінде Тараз қаласында спорт саласы қарыштап, қадамын нық басуда. Халықты салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыратын түрлі форматтағы шаралар өткізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы №168 Жарлығында бекітілген дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру және салауатты өмір салтын насихаттау арқылы қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан Тараз қаласы әкімдігі тарапынан 233 спорттық іс-шара өткізіліп, оларға жалпы 24 892 адам қатысты. Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты 35 спорттық алаңша жүйелі түрде тегін жұмыс атқарып, 7 925 баланы қамтуда. Қазіргі таңда Тараз қаласында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 173 265 адам, яғни қаладағы жалпы халық санынан 40,2 пайызы шұғылдануда.
Қала тұрғындарының спортпен жүйелі түрде айналысуы үшін Тараз қаласында жалпы қол жетімді 662 спорт нысаны жұмыс істейді. Жыл басынан Тараз қаласында 10 спорт нысаны бой көтеріп, халықтың игілігіне берілді.
Оның ішінде:
Жеке менші тарапынан 1 жаттығу залы («Хан» жаттығу залы «Талас» м/а 28б) және 2 кіші футбол алаңшасы («Ұлан» арена «Қаратау» м/а №31, «Шөлдала» алқабы ПК Жамбылстрой).
Демеуші есебінен 1 стритворкаут алаңшасы («Таразстрой-2004» ЖШС есебінен, Абай көшесі №123) және 2 баскетбол алаңшасы («Ақтасстрой» ЖШС «Ұлы дала» м/а №31, «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС «Ұлы дала» м/а №19/6) салынды.
Жергілікті бюджеттен 4 кіші футбол («Ұлы дала» м/а №34, Менделеев көшесінің 3 бұрылысы, Қапал көшесінің 4-бұрылысы, Ниетқалиева көшесі, №9 үйдің ауласы) салынды.
Сонымен қатар, спорт саласы бойынша жыл басынан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің м.а. 2014 жылғы 28 қазанындағы №56 бұйрығының Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына сәйкес «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 220 мемлекеттік қызмет көрсетілді.